Ярмарка вакансий проведена в Мангистауской области

765876876476-329anni8jixtx17snfqmmi

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі  өткізілді

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Маңғыстау облысының әділет департаменті, «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ мүшелері — Ақтау қалалық прокуратурасымен бірлесіп,  Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында балалардың мүддесін қорғауға және алимент төлеуден жалтарғандардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы аясындағы «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді.

Борышкерлердің жұмыс орнының болмауы және жұмыс орны туралы мәліметті жасыруы алимент өндіру бойынша құжаттардың орындалмауының басты себебі болып табылады.

Аталған іс-шараның мақсаты – борышкерді жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету, жұмыссыз ретінде есепке қою, оларға бос жұмыс орны туралы толық ақпарат беру, сондай-ақ, жұмыс таңдауға көмек көрсету арқылы алимент өндіріп алу туралы сот актісінің орындалуын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, аталған шараны ұйымдастырушылардың бастамасын қолдайтын қаланың 10 кәсіпорыны жәрмеңкеге шақырылды.

Шара соңында борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен олардың 21 түйіндемесі алынды.

Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар тұрақты түрде өз жалғасын табады.

 

Маңғыстау облысыны филиалының баспасөз қызметі

Проведена ярмарка вакансий

7 апреля текущего года в здании Актауского городского отдела занятости и социальных программ Департаментом юстиции Мангистауской области, членами МОФ РОО «Казахстанский союз юристов» — совместно с Прокуратурой города Актау проведена «Ярмарка вакансий» в рамках реализации проекта «Алименты. 30 шагов против неуплаты», направленного  на защиту интересов ребенка и усиление ответственности неплательщиков алиментов.

Основными причинами неисполнения документов о взыскании алиментов являются отсутствие у должников места работы, а также сокрытие сведений о трудостройстве.

Цель данного мероприятия — оказание содействия должникам в трудоустройстве, постановка их на учет как безработных, предоставление полной информации о вакансиях, помощь в подборе работы, что в конечном результате обеспечит исполнение судебных актов о взыскании алиментов.

Наряду с этим, на ярмарку были приглашены порядка 10 предприятий города, поддержавших инициативу организаторов названного мероприятия.

В завершении, в целях дальнейшего трудоустройства работодателями приняты резюме 21 должника.

Такие мероприятия на постоянной основе будут проводиться и впредь.

 

Пресс служба Мангистауского областного филиала