Шымкент қаласының Заң консультанттары палатасы

Өткен жылы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»  Заң жобасын әзірленген болатын. Аталмыш заң өткен жылы 5 шілдеде қабылданып, қолданысқа енді. Қазіргі кезде жаңа заңға сәйкес заң консультанттары болып өзгертілді.

img-20190404-wa0047

2018 жылы 28 ақпанда ОҚО әділет департаментінде «Облыстық заң кеңесшілері палатасы» қоғамдық бірлестігі болып мемлекеттік тіркеуден өткен палата Түркістан облысы бөлініп шығуына байланысты, әрі Республикалық қоғамдық бірлестігі Ассоциация болып өзгеруіне байланысты 2018 жылы 27 қарашадан бастап «Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы» болып аталып, қалалық әділет департаментінен қайта мемлекеттік тіркеуден өтті.

img-20190404-wa0049

Уәкілетті орган қалалық Әділет департаменті өз ғимаратынан жұмыс істеуге қолайлы орын бөлді. Қазіргі таңда заңгерлер палатаға мүше болып тіркеліп, мүшелік жарнасын төлеп, кәсіптік қызметін атқаруда. Қолданыстағы заңға сәйкес қалалық палатаға мүше болып кіру құқығы аудандарда қызмет жасап тұрып жатқан заңгерлерге де мүмкіндік береді.

img-20190404-wa0044

Заң консультанттары палатасының қызметі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаттарымен және стандарттарымен реттелді.

Кәсіптік қызметін атқару мен заттар заңгерлер Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінің 2017 жылғы 9 қарашадағы №1408 бұйрығымен бекітілген 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауатандыру саласын жетілдіру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ филиалының Шымкент қаласы бойынша №3 бөлімінің ХҚКО-да бірнеше рет азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті, бұл қызмет ары-қарай да жалғасатын болады.

img-20190404-wa0045

«Арнаулы әлеуеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға,1,2,3 топтағы мүгедектерге,жасына байланысты зейнеткерлерге кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуде.

Осы жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Республикалық «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында әр айдың бірінші,үшінші дүйсенбі күндері қабылдауға келген адамдарға тегін құқықтық көрсетуде.Оның ішінде жазбаша арыз жазып беруден бастап, сотқа дейінгі қажетті құжаттарды реттеу де кіреді.

«Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы» заң көмегін жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында алдағы уақытта да жұмысын жандандыра береді.

Оралбай Құдайберген, «Шымкент қаласы Заң консультанттары Палатасының төрағасы»