Ағымдағы жылдың 18 қарашасында «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде «Адал сайлау үшін» штабтың жұмыс қорытындылары туралы брифинг өтті.
Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалды. Жаңа заңнама бойынша президент тек бір жеті жылдық мерзімге таңдалады.
Сондықтан Қазақстан Президентін сайлау-еліміздің және бүкіл халықтың өміріндегі басты оқиға, өйткені жаңа Қазақстанның болашағы азаматтардың таңдауына байланысты.
Штаб басшысы, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай штабтың сайлау кезеңіндегі жұмысының қорытындылары туралы айтып берді (барлығы 60-қа жуық қоғамдық іс-шаралар және 80-нен астам ақпараттық іс-шаралар өткізілді).
Конституциялық реформа ережелерін құқықтық сүйемелдеу, сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету мақсатында штаб мүшелері Абдрасулов Ермек, Әубәкірова Индира, Ақжанов Әбдіқарым, Серік Беркамалов және өңірлердегі штаб өкілдері кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, штаб мүшелері еліміздің 4 өңірінде — Алматы қаласында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында болып, кәсіпорындардың, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, ҮЕҰ, кәсіподақтар, еріктілер қозғалыстарының өкілдерімен және т.б. кездесті.
Оқушы жастар-студенттердің электоралдық белсенділігін арттыру мақсатында Астана, Алматы қалаларының, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының ЖОО-да осындай кездесулер өтті.
Өз кезегінде өңірлердегі штаб өкілдері сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерден басқа офлайн және онлайн форматта азаматтарға конституциялық реформаны іске асыру және адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуды ілгерілету үшін қабылданған заңдардың, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Конституциялық соты туралы, Прокуратура туралы Конституциялық заңдардың аса маңызды ережелерін түсіндірді.
Қорытындылай келе, Серік Ақылбай алдағы президенттік сайлаудың қоғамды одан әрі демократияландыру үшін маңыздылығын атап өтіп, жұртшылықты еліміздің өміріндегі маңызды саяси оқиға — Президент сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
Брифинг соңында қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.
18 ноября т.г. в офисе Республиканского общественного объединения «Казахстанский союз юристов» состоялся брифинг об итогах работы членов штаба «За честные выборы».
Как известно, внеочередные президентские выборы в Казахстане назначены на 20 ноября 2022 года. По новому законодательству президент выбирается только на один семилетний срок.
Поэтому выборы Президента Казахстана – это главное событие в жизни нашей страны и всего народа, поскольку от выбора граждан зависит будущее Нового Казахстана.
Руководитель штаба, председатель РОО «Союз юристов Казахстана» Серік Ақылбай озвучил итоги работы штаба в электоральный период (всего проведено порядка 60 общественных мероприятий и более 80 информационных мероприятий).
В целях правового сопровождения положений конституционной реформы, разъяснения основных положений выборного законодательства, оказания правовой помощи участникам выборного процесса членами штаба Абдрасуловым Ермеком, Аубакировой Индирой, Акжановым Абдыкарымом, Сериком Беркамаловым и представителями штаба в регионах проведена широкомасштабная разъяснительная работа.
Так, члены штаба посетили 4 региона страны — г.Алматы, Актюбинская, Западно-Казахстанская и Улытауская области, где встретились с трудовыми коллективами предприятий, организаций, представителями НПО, профсоюзов, волонтерских движений и др.
В целях повышения электоральной активности учащейся молодежи-студентов аналогичные встречи прошли в стенах ВУЗов г.г.Астана, Алматы, Абайской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской и Северо-Казахстанской областей.
В свою очередь, представителями штаба в регионах как в офлайн, так и онлайн формате помимо изменений в выборное законодательство, гражданам разъяснены наиболее важные положения законов, принятых в реализацию конституционной реформы и продвижению укрепления системы защиты прав человека, а также конституционных законов о Конституционном суде, Уполномоченном по правам человека, о прокуратуре.
В заключение, Серік Ақылбай подчеркнул важность предстоящих президентских выборов для дальнейшей демократизации общества, и призвал общественность принять активное участие в выборах президента как важнейшем политическом событии в жизни нашей страны.
По окончании участники брифинга ответили на вопросы журналистов.