Конституциялық Сотта Төраға Эльвира Әзімова, оның орынбасары Бақыт Нұрмұханов, судьялар Қайрат Жақыпбаев пен Қанат Мусиннің Қазақстанның заң қоғамдастығы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев, Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Асель Жанабилова, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының Басқарма төрағасы Айдос Иманбаев бастаған заңгерлер қатысты.
Шарада қозғалған негізгі мәселе Конституциялық Соттың атына өтінішпен жүгінетін азаматтарға мемлекет кепілдік берген сапалы заң көмегін көрсету болды.
Атап айтқанда, қатысушылар заң көмегі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен құқық қолдану практикасын жетілдіру мәселелерін талқылады.
Жұмыс кездесуі барысында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық Соттың атына 400-ден астам өтініш келіп түскені, олардың басым көпшілігінде өтініш берушілер мен олардың заңды өкілдері өтініштерді жазу және ресімдеу кезінде кейбір проблемалық мәселелерге тап болатыны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Конституциялық заң және Регламент шеңберінде конституциялық іс жүргізу және азаматтарға сапалы заң көмегін көрсету бойынша кәсіби заң мамандарына арналған оқыту семинарларын ұйымдастыру бойынша келісті.
***
В Конституционном Суде обсудили вопросы оказания гражданам профессиональной юридической помощи
В Конституционном Суде состоялась рабочая встреча Председателя Эльвиры Азимовой, ее заместителя Бакыта Нурмуханова, судей Кайрата Жакипбаева и Каната Мусина с представителями юридического сообщества Казахстана.
Юридическое сообщество представляли председатель Республиканской коллегии юридических консультантов Серик Акылбай, председатель Республиканской коллегии адвокатов Айдын Бикебаев, председатель Республиканской нотариальной палаты Асель Жанабилова, председатель Правления Республиканской палаты частных судебных исполнителей Айдос Иманбаев.
Предметом встречи стало оказание качественной гарантированной государством юридической помощи гражданам, обращающимся в адрес Конституционного Суда.
В частности, участники обсудили вопросы совершенствования нормативных правовых актов и правоприменительной практики в сфере юридической помощи.
В ходе рабочей встречи было отмечено, что с 1 января т.г. в адрес Конституционного Суда поступило более 400 обращений, в подавляющем большинстве из которых заявители и их законные представители сталкиваются с некоторыми проблемными вопросами при написании и оформлении обращений.
По итогам встречи стороны договорились о необходимости организации обучающих семинаров для профессиональных юридических специалистов по конституционному производству и оказанию качественной юридической помощи гражданам в рамках Конституционного закона и Регламента Конституционного суда.