2022 жылғы 7 қазанда AMANAT партиясының орталық аппаратында Talqylau диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Сараптамалық талқылаудың тақырыбы алдағы президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құру болды. Іс-шараға «Адал сайлау үшін» азаматтық штабының мүшелері Ермек Әбдірасұлов пен Серік Беркамалов қатысты. Тақырыпты талқылауға қатыса отырып, Ермек Әбдірасұлов бірнеше кезеңнен тұратын сайлау процесі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Қоғамдық бірлестіктерден ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну сатысында бірлестіктердің заңнама шеңберінде еркін әрекет ету құқығы басты қағидат болып табылады. Осы құқықты пайдалана отырып, 20-дан астам қоғамдық бірлестіктер, үш саяси партия президенттікке кандидат Қ. К. Тоқаевты ұсына отырып, халықтық коалиция құрды. Бұл әрекет ҚР Конституциясына және заңнамасына толық сәйкес келеді. С. Беркамалов өз кезегінде «Адал сайлау үшін» штабының мақсаты жұртшылықтың кең ауқымына ҚР сайлау заңнамасының нормалары мен қағидаттарын түсіндіру болып табылатынын атап өтті.
7 октября 2022 г. в центральном аппарате партии AMANAT прошло очередное заседание диалоговой площадки Talqylau. Темой экспертного обсуждения стало создание Народной коалиции в поддержку Касым-Жомарта Токаева на предстоящих президентских выборах. На мероприятии участвовали члены гражданского штаба «За честные выборы» Ермек Абдрасулов и Серик Беркамалов. Участвуя в обсуждении темы Ермек Абдрасулов подчеркнул, что избирательный процесс, имеющий несколько стадий, идёт полным ходом. На стадии выдвижения кандидатов в Президенты РК от общественных объединений главным принципом является право объединений действовать свободно в рамках законодательства. Пользуясь этим правом, более 20 общественных объединений, три политических партий создали народную коалицию, выдвинув кандидатом в Президенты К.К. Токаева. Данное действие полностью согласуется с Конституцией и законодательством РК. С. Беркамалов в свою очередь отметил, что целью штаба «За честные выборы» является разъяснение широкому кругу общественности норм и принципов выборного законодательства РК.