Ағымдағы жылдың 15 қазанында «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну мәселелері бойынша «Адал сайлау үшін» штаб мүшелерінің брифингі өтті.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалды. Жаңа заңнама бойынша президент тек бір жеті жылдық мерзімге сайланады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі.

Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер өздерінің жоғары органдары атынан ұсынады. Қоғамдық бірлестік Президенттікке бірғана кандидат ұсынуға құқылы.

Штаб мүшелері, Қазақстанда және шетелде танымал заңгерлер Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев, Ермек Баяхметұлы Әбдірасұлов, Индира Оралқызы Әубәкірова, Марат Советұлы Башимов, Ақжанов Әбдікәрім Арынұлы қоғамдық алаңда қолжетімді дереккөздерді пайдалана отырып, сайлау процесінің барысы туралы ағымдағы жағдайға түсініктеме берді.

Е.А. Оңғарбаев штабтың жұмысы туралы қысқаша баяндап, штаб мүшелерінің конституциялық реформа ережелерін құқықтық сүйемелдеу, сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, өңірлердегі сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету жөніндегі белсенділігін атап өтті. Сондай-ақ, Спикер Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну барысы туралы айтып берді.

Өз кезегінде профессор Е.Б. Абдрасулов Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қабылдаған шешімдердің ашықтығын атап өтті. Бұл ретте ОСК сайты негізгі көзі болып табылады, онда біздің барлық азаматтарымыз Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қатысты қабылданған шешімдермен таныса алады. Сондай-ақ, спикер кандидаттардың заңталаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі ОСК шешімдеріне, жекелеген кандидаттарды тіркеуден бас тарту себептеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

И.У.Әубәкірова ОСК аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидаты қолдауға қол қоюдың дұрыстығын тексеру мерзімін он күннен бес күнге дейін қысқартқанын атап өтті.

Профессор  М.С.Башимов бүкіл сайлау процесс ібұқаралық ақпарат құралдары, өңірлердегі еңбек ұжымдарымен кездесулер арқылы сайлаушылардың назарына офлайн және онлайн формата жеткізілетінін атап өтті. Соныменқатар, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті айтып өтті.

Брифинг соңында қатысушылар БАҚ сұрақтарына жауап берді.

«Адал сайлау үшін» штабының баспасөз қызметі.

15 октября т.г. в офисе Республиканского общественного объединения «Казахстанский союз юристов» состоялся брифинг членов штаба «За честные выборы» по вопросам выдвижения кандидатов в Президенты РК.

Как известно, внеочередные президентские выборы в Казахстане назначены на 20 ноября 2022 года. По новому законодательству президент выбирается только на один семилетний срок.

Согласно Конституционного закона Республики Казахстан                      «О Выборах в Республике Казахстан» право выдвижения кандидатов в Президенты принадлежит республиканским общественным объединениям.

Кандидаты в Президенты выдвигаются республиканскими общественными объединениями в лице их высших органов. Общественное объединение вправе выдвигать лишь одного кандидата в Президенты.

Члены штаба, известные в Казахстане и за рубежом юристы Онгарбаев Еркин Ануарович, Абдрасулов Ермек Байахметович, Аубакирова Индира Ураловна, Марат Советович Башимов, Акжанов Абдыкарым Арынович прокомментировали текущую ситуацию о ходе электорального процесса, пользуясь доступными источниками в публичном поле.

Онгарбаев Е.А. кратко доложил о работе штаба, отметил активность членов штаба по правовому сопровождению положений конституционной реформы, разъяснению основных положений выборного законодательства, оказание правовой помощи участникам выборного процесса в регионах. Спикер также рассказал о ходе выдвижения кандидатов в Президенты Республики Казахстан.

В свою очередь, профессор Абдрасулов Е.Б. отметил прозрачность принимаемых решений ЦИК.  Основным источником, которых является сайт ЦИК, где все наши граждане могут ознакомиться с принятыми решениями в отношении кандидатов в Президенты Республики Казахстан. Подробно остановился о решениях ЦИК по оценке кандидатов на соответствие требованиям законодательства, причинах отказа в регистрации отдельных кандидатов Центризбиркомом.

Аубакирова И.У. сообщила о сокращении Центризбиркомом сроков проверки территориальными избирательными комиссиями, достоверности подписей в поддержку кандидата в Президент, с десяти до пяти дней.

Профессор М.Башимов рассказал, что весь избирательный процесс доводится до сведения избирателей посредством средств массовых информаций, встреч с трудовыми коллективами в регионах, как в офлайн так и онлайн формате. Подчеркнул об ответственности за нарушения выборного законодательства.

По окончании участники брифинга ответили на вопросы СМИ.

Пресс-служба Штаба «За честные выборы»

https://www.inform.kz/ru/v-shtabe-za-chestnye-vybory-prokommentirovali-hod-vydvizheniya-kandidatov-v-prezidenty-rk_a3990939?fbclid=IwAR0l0LZ1Q5u3sTKLnucQfMlWPUg6h1Lcj21an4QWsj0-J4zg0rbwg0LejE0

https://24.kz/ru/news/policy/item/568515-o-rabote-shtaba-za-chestnye-vybory?fbclid=IwAR19zuqnEnPoB5yLWCrXcHA3ZoDne4Yj60Ihq5X9shPic4HdNrgjwoc-uPY

https://exk.kz/news/145100/podghotovku-k-dosrochnym-vyboram-otsienili-na-brifinghie-shtaba-za-chiestnyie-vybory?fbclid=IwAR2emiPpF2KtXGA0oCXI_bxMb4_kmUYz3BTI5j3VApFOsX1QQoQa19pyVeo

https://informburo.kz/novosti/yuristy-vyskazalis-o-hode-elektoralnogo-processa-v-kazahstane?fbclid=IwAR3SIa9RpMOVeR23YvXtXxYKQGPRHilwfZHSutFI7A30x2_jJkYns94hMcY

https://zhasalash.kz/kogam/adal-sajlau-ushin-shtab-mushelerinin-brifingi-otti-21957.html?fbclid=IwAR0qBa03EHTjIhynXIUEf1gU6Q7jpSVXgxJu8ZOxM_8XsTSbXrPnFOnzs5U

https://ult.kz/post/adal-saylau-ushin-shtaby-mushelerinin-brifingi-otti?fbclid=IwAR3-5yed2q2BwunMELK2a9pzWMr3vzoA-TsquXqkVTB4ibBcBFifHg7IIng

https://qazaqstan.tv/news/165351/?fbclid=IwAR3-5yed2q2BwunMELK2a9pzWMr3vzoA-TsquXqkVTB4ibBcBFifHg7IIng

https://24.kz/ru/news/policy/item/568548-yuristy-vyvody-tsik-pravomernye-i-obosnovannye

https://exk.kz/news/145118/iuristy-obiasnili-pochiemu-niekotorykh-kandidatov-nie-dopustiat-k-vyboram

https://qazaqstan.tv/news/165351/