2022 жылғы 2 қарашада Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, студенттер, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.

Кездесу тақырыбы: «Қазақстан Республикасының сайлау заңдылықтарын сақтау – Әділетті Қазақстан негізін қалыптастыру».

Кездесудің модераторы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Баяхов Әліби Науқанұлы.

Кездесу барысында профессор, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі Абдрасулов Ермек сайлау процесі мен құқықтың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Штаб мүшесі, Қазақстан заңгерлер одағы Астана филиалының төрағасы Серік Беркамалов заңда көзделген азаматтардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету кепілдіктері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ғылым жөніндегі проректор Ж. Ахатова және 1 курс студенті Б. Алмагамбетов сөз сөйледі.

ҚР Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының үгіт жүргізу ерекшеліктері, кандидаттардың БАҚ-тағы жарияланымдар мен эфирлерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету тәсілдері аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.

***

2 ноября 2022 года в Казахстанском университете инновационных и телекоммуникационных систем состоялась встреча с представителями неправительственных организаций, студентами, магистрантами, докторантами и профессорско-преподавательским составом.

Тема встречи: «Соблюдение избирательного законодательства Республики Казахстан – формирование основы справедливого Казахстана».

Модератор встречи: ректор Казахстанского университета инновационных и телекоммуникационных систем, доктор сельскохозяйственных наук, профессор Баяхов Алиби Науханович.

В ходе встречи профессор, член штаба «За честные выборы» Абдрасулов Eрмек​​ подробно остановился на актуальных вопросах избирательного процесса и права.

Член штаба, председатель Астанинского филиала Казахстанского союза юристов Серик Беркамалов рассказал о предусмотренных законом гарантиях обеспечения свободы выборов.

Также выступили проректор по науке Ахатова Ж. и студент 1 курса Алмагамбетов Б.

Большой интерес аудитории вызвали особенности проведения агитации кандидатами в Президенты РК и их доверенными лицами, способы обеспечения равного доступа кандидатов к публикациям и эфирам в СМИ.