2022 жылғы 19 қазанда «Адал сайлау үшін» штабы Alikhan Bokeikhan University студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен, заң кеңесшілерімен, адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушыларымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және азаматтық қоғамның басқа да өкілдерімен «Сайлауға қатысу — әркімнің азаматтық борышы» тақырыбында сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесудің модераторы заң ғылымдарының докторы, профессор Майгүл Матаева болды, ол жаңа Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы, осы оқиғаның әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңыздылығы туралы айтты.
Кездесу барысында штаб мүшесі, профессор Е. Б. Абдрасулов алдағы сайлаудағы қазақстандық сарапшылардың рөлі, сайлау елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қалай әсер ететіні, президенттік мерзімнің өзгеруі саяси жүйеге қалай әсер ететіні туралы мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Заң ғылымдарының докторы Индира Оралқызы Әубәкірова сайлау өткізу елімізде толық қайта жүктеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сайлау науқанының басқа да маңызды мәселелерімен университет проректоры Айрат Базенов өз сөзінде бөлісті.
Қатысқан студенттер мен ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы сайлау туралы сұрақтарға үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Alikhan Bokeikhan University қабырғасында өткен «Адал сайлау үшін» Штабтың алғашқы ауқымды іс-шарасына университет басшылығы, профессорлар мен оқытушылар қолдау білдіріп, штабтың түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, ризашылықтарын көрсетті.
19 октября 2022 года Штаб «За честные выборы» провел встречу со студентами, магистрантами, докторантами и профессорско-преподавательским составом Alikhan Bokeikhan University, юридические консультанты, адвокаты, нотариусы, частные судебные исполнители, представители неправительственных организаций и других представителей гражданского общества по разъяснению выборного законодательства на тему: «Участие в выборах — гражданский долг каждого».
Модератором встречи выступила доктор юридических наук, профессор Майгуль Матаева, которая рассказала об изменениях в выборном законодательстве нового Казахстана, о важности этого события в жизни каждого казахстанца.
В ходе встречи член Штаба, профессор Абдрасулов Е.Б. подробно остановился на вопросах о роли казахстанских экспертов в предстоящих выборах, о том, как выборы скажутся на проводимых в стране реформах, как повлияет на политическую систему изменение срока президентства.
Доктор юридических наук Индира Ураловна Аубакирова отметила, что проведение выборов позволит провести полную перезагрузку в стране. Другими важными вопросами предвыборной кампании поделился в своем выступлении проректор университета Айрат Базенов.
Присутствующие студенты и профессорско-преподавательский состав вуза проявили большой интерес к вопросам о выборах, задавали интересующие их вопросы.
Руководство ВУЗа, профессора и преподаватели отметили, что в стенах Alikhan Bokeikhan University состоялось первое масштабное мероприятие Штаба «За честные выборы» по разъяснительной работе Штаба и высказали свою поддержку.