2022 жылғы 14 қазанда «Қазақстандық заңгелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттерімен, магистранттарымен және профессор-оқытушылар құрамымен, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да азаматтық қоғам өкілдерімен сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша «Сайлау құқығы мен процесінің өзекті мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің модераторы «Құқық пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Павел Васильевич Афанасьев болды. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының мақсаттары мен міндеттерін атап өтті, сайлау процесінің және жалпы сайлау заңнамасының құқықтық негіздері туралы айтты.
Кездесу барысында профессор Абдрасулов Ермек Баяхметұлы кезектен тыс сайлау мен сайлау процесін ұйымдастырудың күнтізбелік жоспарын егжей-тегжейлі баяндады.
Заң ғылымдарының докторы Индира Ураловна Аубакирова «әділ сайлаудың» негізгі мәнін ашып, ҚР сайлауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері туралы ақпаратпен бөлісті.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Советович Башимов ҚР Президентін кезектен тыс сайлау жөнінде сайлау заңнамасының негізгі ережелерін ашып түсіндірді.
Бақылаушылардың сайлау процесіне қатысуы, кандидаттарды ұсыну тәртібі және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптар, ҚР Президентінің заңға сәйкес қандай қызметпен айналысуға құқығы жоқ екендігі туралы мәселелер қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Кездесуге қатысушылар сайлау науқаны шеңберінде сайлау заңнамасын түсіндірудің маңыздылығын атап өтіп, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Адал сайлау үшін» штабына ауқымды іс-шара үшін алғыс білдірді.
14 октября 2022 года состоялась онлайн – встреча профессорско-преподавательского состава, студентов, магистрантов СКУ им. М. Козыбаева, неправительственных организаций и других представителей гражданского общества с представителями Республиканского общественного объединения «Казахстанский союз юристов» по разъяснению выборного законодательства на тему «Честные выборы – залог успешного развития страны».
Модератором встречи выступил старший преподаватель кафедры «Правовые дисциплины» Афанасьев Павел Васильевич. Для аудитории были определены цели и задачи внеочередных выборов Президента Республики Казахстан, раскрыты правовые основы избирательного процесса и избирательного законодательства в целом.
В ходе встречи профессор Абдрасулов Eрмек Баяхметович подробно изложил календарный план организации внеочередных выборов и избирательного процесса.
Доктор юридических наук Аубакирова Индира Ураловна рассказала участникам встречи в чем заключается суть «честных выборов», поделилась информацией об актуальных вопросах организации выборов в Республике Казахстан.
Башимов Марат Советович, доктор юридических наук, профессор, раскрыл основные положения выборного законодательства о внеочередных выборах Президента Республики Казахстан.
Ряд вопросов вызвали особый интерес у участников встречи, например, участие наблюдателей в избирательном процессе, порядок выдвижения кандидатов и требования к кандидатам в Президенты Республики Казахстан и многие другие.
Участники встречи отметили важность разъяснения в рамках предвыборной кампании основных положений выборного законодательства о внеочередных выборах Президента Республики Казахстан, выразили благодарность за масштабное мероприятие Республиканскому общественному объединению «Казахстанский союз юристов» и штабу «За честные выборы».