«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің төраға орынбасары Абдыкарым Акжанов Atameken Business News телеарнасының Түскі формат бағдарламасында

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің төраға орынбасары Абдыкарым Акжанов Atameken Business News телеарнасының Түскі формат бағдарламасында «Алматыда төтенше жағдай. Қайғылы қазаға кім кінәлі?» тақырыбында сұхбат берді.

Елімізде тағы бір қайғылы оқиға орын алды: 30 қараша күні таңертең сағат 5:30 шамасында Алматы қаласындағы хостелдің бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Оның 9-ы Қазақстандық, 4-і шетел азаматтары. Бұл туралы Алматы қ. полиция Департаменті хабарлады.

Сонымен қатар, Алматы қ. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы хостелге қайта жабдықтауға бастапқы рұқсат құжаттарын бермегені белгілі болды.

Тілшілердің «Еліміздегі хостелдердің қауіпсіздігіне кім жауапты?» деген сауалына Абдыкарым Арынович былай деп жауап берді:

«1997 ж. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» бейіндік Заңы қабылданды. 2020-2023 жж. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қолданыстағы Заңда хостел туралы тек 2 жерде айтылады (2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар. 27, 48-тармағы).

Заңды түзетулер қабылданғанымен, хостелдердің қызметін жүзеге асыру тетігін реттейтін заңға тәуелді актілер қабылданбаған.

Бұл жағдайда хостел КСРО заманындағы ескі үш қабатты үйде болғаны белгілі. Заңның 2023 ж. өзгертулер мен толықтыруларында хостелдер белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келуі керек делінген.

Менің ойымша, ең алдымен, Заңнан бастау керек. Неліктен әлі күнге дейін хостелдердің жұмысын реттеп, қарастыратын механизмдер жоқ? Келесі кезекте сұрақ, әрине, сол хостелдің қожайыны мен әкімшілігіне туындайды. Неліктен адамдардың уақытша тұруына арналған жерде қауіпсіздік ережелері сақталмаған?

Сұраныс артқан сайын, ұсыныс та артады. Сондықтан елімізде хостелдер саны күн санап артып келеді. Бұл бизнес. Бірақ, соған қарамастан, Уәкілетті органдар, бұл жағдайда бейінді министрліктер мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін хостел қызметінің барлық тетіктерін әзірлеуге тиіс еді. Сонымен қатар, бұл үшін кондоминиум иелері, ПИК немесе ММИБ да жауапты болуы керек».

Толық шығарылым сілтеме бойынша.

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ өрт салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

***

Заместитель председателя РОО «Казахстанский союз юристов» Абдыкарым Акжанов выступил в программе Дневной формат телеканала Atameken Business News на тему: «13 человек погибли при пожаре в хостеле в Алматы: Кто виновен в трагедии?».

В Казахстане случилась еще одна трагедия: рано утром произошел пожар в одном из хостелов г. Алматы. Погибли 13 человек: 9 из них граждане нашей страны. Об этом сообщили в Департаменте полиции г.Алматы.

Тем временем, стало известно, что Управлением городского планирования и урбанистикой г.Алматы исходно-разрешительные документы на переоборудования под хостел не выдавались.

На вопрос журналиста «13 погибших. Что произошло и кто виноват? Что делать для недопущения таких трагедий в дальнейшем?», Абдыкарым Арынович ответил так:

«1997 г. был принят профильный закон «О жилищных отношениях» Республики Казахстан. В 2020-2023 гг. вносились изменения и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам жилищно-коммунального хозяйства. В действующем Законе хостел упоминается всего 2 раза (п.27, п.48 ст.2 Основные понятия, используемые в настоящем Законе).

Хоть и законные поправки приняты, ОДНАКО, я считаю, что должны были к этому Закону принять подзаконные акты, которые бы регулировали механизм осуществления деятельности хостелов.

В данном случае известно, что, хостел находился в старинном трехэтажном доме времен СССР. В поправках 2023 г. Закон гласит, что хостелы должны отвечать установленным строительным, санитарным, экологическим, противопожарным и другим обязательным нормам и правилам.

В первую очередь, надо начинать от Закона. Почему нет механизма рассмотрения работы этих хостелов? Сейчас, конечно, вопрос возникает к хозяину и администратору данного хостела, и, скорее всего, следствие придет к выводу, что виновен хозяин или администратор.

Есть спрос – есть и предложение. Поэтому и количество хостелов в нашей стране только растет. Это бизнес. Но, все-таки, Уполномоченные органы, в данном случае профильные Министерства, должны были разработать все механизмы деятельности этих хостелов, чтобы не допускать таких случаев. Плюс, собственники кондоминимума, КСК или ОСИ, тоже должны быть ответственны за это».

Полный выпуск по ссылке.

РОО «Казахстанский союз юристов» выражает глубочайшие соболезнования семьям, родным и близким трагически погибших в результате пожара.