«Құқықтық көмек» акциясы аясында Жетісу облысы бойынша «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мен «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы бірлесе отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша тақырыптық қабылдау өткізді

«Құқықтық көмек» акциясы аясында Жетісу облысы бойынша «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мен «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы бірлесе отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша тақырыптық қабылдау өткізді

Акцияның басты мақсаты – балалардың құқығын қорғау мәселелері, яғни алдағы келе жатқан оқу жылына дайындық, АСП, алимент өндіру және т.б. балаларға қатысты мәселелер.

Қабылдауға Жетісу облысы бойынша «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Төрағасы Н.М. Кудайбергенов, Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма өкілдері, Әділет департаментінің басшысының орынбасары, қорғаушылар, жеке сот орындаушылары және нотариустар қатысты.

Сұрақтардың басым бөлігі АСП, алимент өндіру, мектепке даярлау, тұрғын-үй құжаттарын заңдастыру, оқу, денсаулық сынды мәселелерімен байланысты болды.

Қабылдауға келген азаматтар тәжірибелі мемлекеттік органдардың мамандарынан заң аясында нақты кеңестер мен бағыт-бағдар ала алды.

Қабылдау барысында азаматша «Мектепке жол» акциясы аясында мектептен 4 баласының мектепке даярлауға арналған ақшаны ала алмай отырғандығын, сот орындаушылар тарапынан есеп-шоты жабылғанын айтып көмек сұрады. Азаматшаның есеп-шоты ашылып, мәселесі оң шешімін тапты.

Нурбек Маликович өзге де азаматтардың мәселелерін жеке бақылауға алды.

https://www.facebook.com/reel/823467276646985

***

В рамках акции «Құқықтық көмек» РОО «Казахстанский союз юристов» по Жетысуской области и Жетысуский областной филиал партии «AMANAT» совместно провели тематический прием граждан

Главная цель акции – вопросы защиты прав детей, т.е. подготовка к предстоящему учебному году, АСП, взыскание алиментов и т.д. вопросы, касающиеся детей.

В приеме приняли участие Председатель РОО «Казахстанский союз юристов» по Жетысуской области Кудайбергенов Н.М., представители Управления здравоохранения, управления образования, управления координации занятости и социальных программ Жетысуской области, заместитель руководителя Департамента юстиции, защитники, частные судебные исполнители и нотариусы.

Большая часть вопросов была связана с АСП, взысканием алиментов, подготовкой к школе, легализацией жилищных документов, обучением, здоровьем.

Прибывшие на прием граждане получили консультации и рекомендации в рамках закона от опытных специалистов государственных органов.

В ходе приема гражданка обратилась за помощью, отметив, что в рамках акции «Мектепке жол» 4 ребенка не получили средств на подготовку к школе, счета гражданки были заблокированы со стороны судебных исполнителей.

Вопрос решился положительно и счета гражданки сейчас активны.

Нурбек Маликович взял на контроль вопросы и других граждан.