Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақылбай Серік Байсеитұлын мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Ұлттық құрылтай мүшесі Ақылбай Серік Байсеитұлын мерейтойымен құттықтады.

Құттықтау хатта: «Ұзақ жыл сот жүйесінде және Сенат депутаты болып жемісті жұмыс жасап, біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізге сүйене отырып, азаматтардың құқығын қорғауға және отандық заңнаманы жетілдіруге үлес қостыңыз. Адами асыл қасиеттеріңізбен ел ішінде сыйлы, беделді болып, абыройға бөленіп жүрсіз. Өнегелі өмір жолыңыз арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп келесіз. Алдағы уақытта қоғамдық-саяси істерге белсенді атсалысып, еңбегіңіздің жемісін көре беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыңызға бақ-береке тілеймін» делінген.

Республикалық заң консультанттары алқасының ұжымы Серік Байсеитұлын мерейлі 75 жасқа толуымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, үлкен жеңістер, қуаныш пен жақсылық тілейді!

Возможно, это изображение текст