«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ Төрағасының орынбасары Абдыкарым Акжанов Atameken Business News телеканалының TUSKI FORMAT бағдарламасына қатысып, «Костенко шахтасына келетін жаңа басшылыққа қандай талап қою керек?» — деген сұрақтарға жауап берді.
Абдыкарым Арынович: «Барлық 8 шахтаны жауып, Совет кезеңінің ескірген технологиялары мен механизмдерін ауыстырмаса, осындай апаттар қайталана береді. Бүгін-ертен іс жабылады, 2-3 инженер сотталады, олардың қолынан не келеді? Ең алдымен, АрселорМитталдың Лондондағы, Люксембургтегі басшыларын жауапқа тарту керек!» — деп ойымен бөлісті.
Толық шығарылым сілтеме бойынша: https://www.youtube.com/live/1bHJShBGY1s?si=I59bE5QG6DhhyTQd