Ағымдағы жылдың 10 наурызында «Адал сайлау үшін» штабы мүшелерінің БАҚ үшін брифингі өтті

Ағымдағы жылдың 10 наурызында «Адал сайлау үшін» штабы мүшелерінің БАҚ үшін брифингі өтті.

Жанар Бұқанова сайлау науқаны барысында кандидаттар қызметінің кепілдіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Мәселен, депутаттыққа кандидаттар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы, жұмыстан шығарылмайды, олардың келісімінсіз басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстырылмайды, сондай-ақ іссапарға жіберілмейді немесе әскери жиындарға шақырылмайды.

Парламент депутаттығына кандидаттар олар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ олар Парламент депутаты ретінде тіркелгенге дейін Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз ұсталуға, қамауға алынуға, үйқамаққа алынуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа, қылмыс не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған жерде ұсталу жағдайларын қоспағанда, тартыла алмайды.

Думан Жампейісов дауыс беру күні және оның алдындағы күн соттар, прокуратура және ішкі істер органдары, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұйымдар үшін жұмыс күні болып табылатынын хабарлады. Ішкі істер органдары дауыс беруді өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен сайлау еркіндігін қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа жәрдемдесуге міндетті.

Сонымен қатар, спикер әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген сайлау заңнамасының жекелеген бұзушылықтарын айтты.

Әнуарбек Сқақов сайлау комиссияларының азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзу туралы өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері туралы айтып берді.

Спикер сондай-ақ соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерінің, азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің дауыс беруді өткізу мәселелеріне, оның ішінде сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде келіп түскен сайлау туралы заңнаманы бұзу туралы өтініштерін қабылдауға және оларды бес күн мерзімде, ал дауыс беруге бес күннен аз уақыт қалғанда дауыс беру күні-дереу қарауға міндетті екенін атап өтті.

Брифинг соңында қатысушылар БАҚ сұрақтарына жауап берді.

10 марта т.г. состоялся брифинг членов штаба «За честные выборы» для СМИ.

Жанар Буканова подробно остановилась на гарантиях деятельности кандидатов в ходе избирательной кампании.

Так, кандидаты в депутаты со дня их регистрации и до опубликования итогов выборов вправе освобождаться от работы, военной службы и военных сборов, не могут быть уволены с работы, переведены на другую работу или должность без их согласия а также направлены в командировку или призваны на военные сборы.

Кандидаты в депутаты Парламента со дня их регистрации и до опубликования итогов выборов, а также до их регистрации в качестве депутата Парламента без согласия Центральной избирательной комиссии не могут быть задержаны, подвергнуты содержанию под стражей, домашнему аресту, приводу, мерам административного взыскания, налагаемым в судебном порядке, привлечены к уголовной ответственности, кроме случаев задержания на месте преступления либо совершения тяжкого или особо тяжкого преступления.

Думан Жампеисов проинформировал, что день голосования и предшествующий ему день для судов, органов прокуратуры и внутренних дел, а также организаций по эксплуатации жилого фонда является рабочим днем. Органы внутренних дел обеспечивают общественный порядок и свободу выборов при проведении голосования.

В свою очередь местные исполнительные органы обязаны содействовать избирательным комиссиям по обеспечении избирательных прав граждан с ограниченными возможностями.

Помимо этого, спикер озвучил отдельные нарушения выборного законодательства, за которые предусмотрена административная и уголовная ответственность.

Ануарбек Скаков рассказал о порядке и сроках рассмотрения избирательными комиссиями заявлений граждан и организаций о нарушениях избирательного законодательства.

Спикер также отметил, что суды и органы прокуратуры обязаны принимать заявления членов избирательных комиссий, граждан, представителей общественных объединений, касающиеся вопросов проведения голосования, в том числе о нарушениях законодательства о выборах, поступившие в период подготовки и проведения выборов, и рассматривать их в пятидневный срок, а поступившие менее чем за пять дней до голосования и в день голосования – немедленно.

По окончании участники брифинга ответили на вопросы СМИ.

https://baq.kz/saylau-2023-kandidattar-qanday-kepildikterge-ie-299239/
https://el.kz/saylau-komissiyasynyn-kelisiminsiz-kandidattar-zhauapqa-tartylmaydy_67417/
https://www.youtube.com/watch?v=MdnaEbuXkAg
https://www.youtube.com/watch?v=P4RaxvdROKQ
https://qazaqstan.tv/news/172760/
https://www.youtube.com/watch?v=vTnuKxGvbKk
https://www.youtube.com/watch?v=Q7DlssthlT8