«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңын іске асыру мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Заң консультанттары палаталарының қауымдастығымен «Е-Заң көмегі» Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» қызмет көрсету келісімшартына қол қойылды. Қазіргі таңда заң консультанттары мен адвокаттарға жеке кабинет ашылып, бірыңғай сайт жасалынған.
«Е-Заң көмегі» Ақпараттық Жүйесі заң консультанттары мен адвокаттардың қызметін автоматтандыруға және оңтайландыруға, халыққа заң көмегін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ақпаратты жедел алуға, оны онлайн режімінде көрсетуге, қағаз құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәлімет алу кезінде уақытты үнемдеуге және қаржылай шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
«Заң консультанттары палаталарының қауымдастығы» ЗТБ және ҰАТ АҚ арасында жасалған Меморандум аясында Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақтау, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Көкшетау және басқа да қалаларының заңгерлері мен адвокаттарына жүйені қалай қолдану керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.