1.1. «Қазақстан Республикасының Заң консультанттары палаталарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қауымдастық») заңгерлік көмек көрсету қызметін реттеумен және өз мүшелерінің (заң консультанттарының) Қазақстан Республикасының адвокат қызметі және заңгерлік көмек туралы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылаумен айналысатын, коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігі болып табылады.
1.2. Қауымдастық Қазақстан Республикасының Атазаңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңдарына, өзге де заңнамалық актілерге, осы Жарғыға және құрылтай шартына сәйкес әрекет етеді.
1.3. Ресми толық атауы мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасының Заң консультанттары палаталарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі. Ресми толық атауы орыс тілінде: Объединение юридических лиц «Ассоциация палат юридических консультантов Республики Казахстан».
1.4. Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.
1.5. Қауымдастық шектеусіз мерзімге құрылған және өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.
1.6. Қауымдастық заңды тұлға болып табылады және меншігінде Қауымдастықтың дербес шотында бейнеленетін, жекеленген мүлігі, банк мекемелеріндегі есептік шоттары бар. Қауымдастық өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алуға және жүзеге асыруға әрі міндеттемелерді атқаруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
1.7. Қауымдастықтың рәмізі мынадай эмблема болып табылады:
— қиып өтетін семері бар қалқан нысаны – қорғауға дайындықты, әділдікті және заңды орындаудағы адалдықты білдіреді. Қалқан екі түсті – көгілдір және сары. Көгілдір түс – тазалықты, саналықты, тұрақтылықты білдіреді. Сары түс – күн мен жылулық түсі, сана мен оптимизм түсі;
— ортада таразы бейнелеген – әділеттілік, үйлесім мен әділдік нысаны, қазақ ұлттық ою-өрнегінің қошқар мүйіз түріндегі тетік, семсер мен таразы ақ түсті;
— қалқанның үстінде Республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің атауы «Zań konsýltanttary palatalarynyń qaýymdastyǵy» латын әліпбиімен жазылған.
Эмблема естелік төсбелгі ретінде жасалуы мүмкін, сондай-ақ Қауымдастықтың логотипі ретінде, Қауымдастықтың қатысуымен өтетін халықаралық конференциялар мен басқа да іс-шаралардың ұйымдастырушысы әрі қатысушысы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
1.8. Қауымдастық коммерциялық емес ұйым бола тұрып, негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейді және алынған кі рісті өз мүшелерінің арасында бөлмейді. Қауымдастықтың жарғылық мақсаттарына қарама-қайшы келмейтіндіктен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады.
1.9. Қауымдастық келесі қағидаттардың негізінде құрылған және әрекет етеді:
— мүшеліктің теңдігі;
— машықтанушы заңгерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және көтермелеу басымдығы;
— өз қызметінің заңдылығы және ашықтығы;
— мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдармен тең құқылы ынтымақтастықты орнату;
— жарғылық қызмет мәселелері және заң консультанттарының сұрақтары бойынша өз мүшелерінің пікірі мен ұстанымына өзара құрмет тұту;
— өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру.
II. Қауымдастықтың орналасқан жері
2.1. Қауымдастықтың заңды мекенжайы: индекс 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 үй, 403 офис.
III. Қауымдастық қызметінің мәні және мақсаттары
3.1. Қауымдастық қызметінің мақсаттары мен міндеттері:
— Қазақстан заңгерлерінің қазақстандық мемлекеттікті, оның тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту ісіндегі, Қазақстанда құқықтық мемлекеттік құрылуы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі ісіндегі күш-әрекеттерін бірлестіруге септігін тигізу;
— заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге септігін тигізу;
— Қазақстан Республикасының құқықтық саясатын насихаттауға қатысу;
— маңызды мемлекеттік-құқықтық мәселелерді шешуде заңгерлік қоғамдастықтың ұстанымдарын белгілеу;
— заң консультанттарының ғылыми-тәжірибелік конференцияларын өткізу және оларға қатысу;
— мемлекеттік органдарда және қоғамдық бірлестіктерде Қауымдастықтың заң консультанттарының мүдделеріне өкіл болу;
— кешенді әлеуметтік заңгерлік көмек институтын іске асыруға және нығайтуға септігін тигізу (pro bono);
— кең заңгерлік қоғамдастықты жалпы ұлттық және халықаралық құқықтық, гуманитарлық және өзге де жобалар мен бағдарламаларға жұмылдыру;
— қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың үдемелі әрі бейбітшіл бастамаларын, халықаралық және ұлттық даму жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға септігін тигізу;
— өз мүшелерінің белсенді кәсіби және қоғамдық қызметі үшін жағдай жасауға септігін тигізу; заңгерлер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, заңгерлік білім, ғылым мен тәжірибе арасындағы байланыстың нығаюына септігін тигізу;
— норма шығарушылық және құқықтық қолдану тәжірибесін жетілдіруге септігін тигізу;
— корпоративтік ұйымшылдық пен заң консультанттары арасындағы кәсіби мәдениеттің дамуына септігін тигізу;
— заңгерлік білімнің, заң ғылымының, медиацияның және дауды шешудің жаңа баламалы тәсілдерінің дамуына септігін тигізу;
— заң консультанттарының біліктіліктерін арттыруға, заңгер кәсібінің беделінің жоғарылауына, заң консультанттары қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерінің нығаюына, олардың әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғалуына, заңгерлерді қазақстандық отан сүйгіштік рухында, заң ережелері мен кәсіби этика нормаларын бұлжытпай ұстану рухында тәрбиелеуге септігін тигізу.
3.2. Қауымдастық қызметінің мәні:
— білікті заңгерлік көмекті ұйымдастыруға қатысу;
— халықтың әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және қоғамдық механизмдерін жетілдіруге көмектесу;
— халыққа құқықтық қызмет көрсетудің нысандары мен әдістерін жетілдіру;
— Қауымдастықтың және заң консультанттарының кәсіби құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
3.3. Қауымдастықтың негізгі қызмет түрлері:
— филиалдардың қызметін үйлестіру;
— филиалдардың жарғылық қызметін ұйымдастыруда және олардың құқық қорғау жұмысында заңгерлік және өзге де көмек көрсету;
— Қауымдастық мүдделеріне Республикалық мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өкіл болу;
— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң консультанттарының мәселелері бойынша заң-жобалық және сарапшылық қызметіне қатысу;
— нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
— республиканың заң консультанттарының құқық қолданушылық тәжірибесін жалпылау және реттеу;
— заң консультанттарының және Қауымдастықтың жарғылық қызметінің даму мәселелерін БАҚ-та баяндау;
— Қауымдастық қызметінің оң тәжірибесін жалпылау және тарату;
— республикада қайырымдылық және өзге де ағартушылық акцияларын ұйымдастыру;
— заң консультанттарының біліктіліктерін арттыру бойынша оқыту семинарлары мен тренингтерін ұйымдастыру;
— құқықтық ағарту сұрақтары бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеу.
3.4. Қауымдастықтың жарғылық қызмет түрлерін іске асыру мақсатында қабылданған шешімдері барлық филиалдармен және республиканың заң консультанттарының өзге ұйымдарымен орындалуға міндетті болып табылады.
IV. Қауымдастықтың құқықтары және міндеттері
4.1. Қауымдастықтың құқық қабілеттілігі заңды тұлғаны заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеу кезінен бастап пайда болады.
4.2. Қауымдастық:
— банк мекемелерінде шоттарының болуына;
— мөрінің, мөртабанының, бланкілері мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар эмблемасының болуына;
— меншігінде немесе жедел басқаруында жекелеген мүлігінің, сондай-ақ өзіндік теңгерімінің болуына;
— мүліктік және жеке-дара мүліктік емес құқықтарды сатып алуға және жүзеге асыруға;
— мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен құқықтық қызмет көрсету мәселелері бойынша меморандумдар мен келісімдер жасасуға;
— азаматтық-құқықтық мәмілелер мен еңбек шарттарын жасасуға;
— бұқаралық ақпарат құралдарын құруға және баспа қызметін жүргізуге;
— филиалдардан және (немесе) жеке заң консультанттарынан қызмет күйі және қиындықтары туралы ақпаратты сұратуға, сондай-ақ республикада заң консультанттарының институтын жетілдіру бойынша ұсыныстарын сұратуға;
— нормативтік құқықтық актілердің әзірленіп жатқан жобаларының сараптамасы үшін сарапшыларды (мамандарды) тартуға;
— жарғылық міндеттерді іске асыруға бағытталатын шараларды жүзеге асыруды және іс-шараларды өткізуді қаржыландыруға;
— заң консультанттары үшін арнайы марапаттар белгілеуге құқылы.
4.3. Қауымдастық:
— Жарғыны қатаң сақтауға және оның ережелерінің іске асырылуын қамтамасыз етуге;
— Жарғы бойынша және Қауымдастықтың басқару органдарының шешімдері бойынша түсіндірме жұмысын жүзеге асыруға;
— заңға және осы Жарғыға сәйкес филиалдардың және заң консультанттарының өзге ұйымдарының жұмысын үйлестіруге;
— бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жүргізуге міндетті.
V. Қауымдастықтың мүшелігіне қабылдау және мүшелікті тоқтату шарттары мен тәртібі
5.1. Қауымдастық мүшелері болып, саяси партиялар мен кәсіптік одақтардан басқа, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер бола алады.
5.2. Қауымдастық мүшелері:
— Қауымдастықтың басқару органдарының құрамдарында болуға және олардың жұмысына қатысуға;
— Қауымдастықтың басқару органдарының деңгейінде талқылау үшін осы Жарғыдан туындайтын кез келген ұсыныстарды енгізуге;
— Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды енгізуге;
— ұжымдық пікірлерді және өкілі болатын палатаның заң консультанттарының мәселелері бойынша ұстанымдарын қорғауға;
— Қауымдастық өткізетін іс-шараларға қатысуға;
— күнделікті өмірде этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға, Қауымдастықтың беделі мен іскерлік абыройына нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге құқылы.
5.3. Қауымдастықтың мүшесі:
— Қауымдастықтың Жарғысын ұстануға;
— Қауымдастық мақсаттарының жүзеге асырылуына септігін тигізуге;
— Қауымдастық органдарының жұмысына қатысуға;
— Қауымдастық органдарының заңға қарама-қайшы келмейтін шешімдерін орындауға;
— мүшелік жарналарды жүйелі түрде төлеуге;
— Қауымдастық беделінің нығайтылуына жағдай жасауға, Қауымдастықтың жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ұмтылуға міндетті.
5.4. Қауымдастықтағы мүшелік келесі жағдайларда тоқтатылады:
— ерікті түрде, Қауымдастықтың құрамынан шығу туралы өтініш беру арқылы;
— заң консультанттарының заңгерлік көмек көрсетуімен байланысты басқа қауымдастыққа кіру кезінде;
— 2 (екі) ай бойы мүшелік жарналарды төлемеу жағдайында;
— Қауымдастықтың Орталық Кеңесінің шешімі бойынша және заң консультантының қызметін реттейтін өзге заңнамалық актілер бойынша.
VI. Қауымдастықтың құрылымы, басқару органдарын қалыптастыру тәртібі және олардың құзыреті
6.1. Қауымдастықтың басқару органдарының келесідей құрылымы бар: Қауымдастықтың Жоғарғы органы болып Қауымдастық мүшелерінің Құрылтайы (бұдан әрі – Қауымдастық Құрылтайы) болып табылады. Атқарушы органы Қауымдастықтың Басқармасы болып табылады, оның басшысы болып Қауымдастықтың Төрағасы болып табылады. Қауымдастық Басқармасы осы Жарғымен Құрылтайдың айрықша құзыретіне жатқызылған сұрақтардан басқа, Қауымдастықтың ағымдық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Бақылаушы органы Қауымдастықтың Ревизиялық комиссиясы болып табылады.
6.2. Қауымдастық Құрылтайының айрықша құзыретіне келесі сұрақтар жатады:
— коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
— коммерциялық емес ұйымды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
— коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртiбiн айқындау;
— атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;
— заң актiлерiнде белгiленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды тұлғаларды, өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады;
— Қауымдастықтың Төрағасын сайлау, оның өкілеттіктерін тоқтату, оның ішінде мерзімнен бұрын тоқтату;
— Қауымдастық Төрағасының Қауымдастық Басқармасының қызметі туралы есебін және Ревизиялық комиссия Төрағасының қауымдастықтың қаржылық-шаруашылық қызметінің күйі туралы есебін бекіту;
— баспа, білім беру және өзге құрылымдық бөлімшелерді, филиалдарды, өкілдіктерді және Қауымдастықтың қаражаттары есебінен қаржыландырылатын ұйымдарды құру туралы шешім қабылдау;
— заңгердің Этикалық кодексін бекіту;
— Ревизиялық комиссияның Қауымдастықтың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері туралы актілерін бекіту;
— Қауымдастықтың қызметіне қатысты кез келген сұрақтар бойынша шешім қабылдау;
— қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы келмейтін өзге де сұрақтарды қарастыру.
6.3. Қауымдастықтың кезекті Құрылтайы бес жылда бір рет шақырылады.
6.4. Қауымдастық Құрылтайы (кезекті және кезектен тыс) Қауымдастық Басқармасының шешімі бойынша шақырылады, ол бойынша Құрылтайдың күнтәртібі, оны өткізу күні мен орны, өкілдік нормасы мен делегаттарды сайлау тәртібі белгіленеді және сайлау өткізу жөніндегі Ұйымдастырушылық комитет қалыптастырылады.
6.5. Қауымдастықтың кезекті Құрылтайын шақыру туралы шешімді Қауымдастық Басқармасы қабылдайды.
6.6. Қауымдастықтың кезектен тыс Құрылтайын шақыруға Қауымдастықтың Төрағасы, Басқармасы, Ревизиялық комиссиясы бастама бере алады.
6.7. Құрылтайда Құрылтайдың күн тәртібіне енгізілген сұрақтар бойынша қабылданатын шешімдер бойынша делегаттардың дауыстарын есептеу үшін Есептік комиссия сайланады. Қауымдастық мүшесінен бір делегат Құрылтайда бір дауысқа ие. Қауымдастық Құрылтайында сенімхат бойынша басқа тұлғаның дауыс беруіне жол берілмейді.
6.8. Құрылтайлар арасындағы кезеңде Қауымдастықтың қызметін Қауымдастық Басқармасы басқарады, өкілеттіктер мерзімі бес жыл.
Қауымдастық басқармасының мүшелерінің өз өкілеттіктерін орындауы ақысыз негізде жүзеге асырылады.
6.9. Қауымдастық Басқармасы, егер оның жұмысына сайланған мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысса, шешім қабылдай алады.
6.10. Қауымдастық Басқармасының отырыстары тоқсан сайын жүргізіледі. Қауымдастық Төрағасының немесе Басқарманың кемінде сегіз мүшесінің бастамасы бойынша кезектен тыс отырыстар, оның ішінде қашықтықтан жүргізілуі мүмкін.
6.11. Қауымдастық Басқармасының құзыретіне келесі сұрақтар жатады:
— Қауымдастықтың жаңа мүшелерін қабылдау және Қауымдастықтың құрамынан шығу;
— осы Жарғымен қарастырылған тәртіпте, Құрылтайды шақыру туралы шешім қабылдау;
— Құрылтай жұмысына қатысу үшін филиалдардан Құрылтай делегаттарының өкілдік нормаларын белгілеу туралы шешім қабылдау;
— Құрылтай материалдарының жобаларын дайындау;
— филиалдардың, олардың Басқармаларының және Төрағаларының қызметін үйлестіру;
— баспа, білім беру құрылымдарын және Қауымдастықтың қаражаттары есебінен қаржыландырылатын өзге құрылымдарды бекіту;
— Қауымдастықтың жыл сайынғы бюджетін бекіту;
— Ревизиялық комиссияның есептерін тыңдау;
— филиалдардың және заң консультанттарының өзге де ұйымдарының мүшелік жарналарының мөлшерін, төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
— заң консультанттарының кәсіби деңгейлерін және біліктіліктерін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
6.12. Қауымдастықты Қауымдастық Басқармасымен қатар, Қауымдастықтың төрағасы басқарады, ол бес жылға сайланады.
6.13. Қауымдастықтың Төрағасы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда оның өкілетті және заңды өкілі болып табылады.
6.14. Қауымдастықтың Төрағасы қолданыстағы заңнама ережелерінен және осы Жарғыдан туындайтын, өзінің өкілеттіктерін іске асыру кезінде сенімхатсыз әрекет етеді.
6.15. Қауымдастықтың Төрағасы:
— Қауымдастық Құрылтайының дайындалуын және өткізілуін ұйымдастырады;
— Қауымдастық Басқармасының отырыстарын дайындайды және өткізеді;
— Басқарманың және Қауымдастық аппаратының ағымдық қызметін басқарады;
— Қауымдастықтың жарғылық қызмет түрлерінің іске асырылуын бақылайды және соған жауапты болады;
— Қауымдастықтың ағымдық қаржылық-шаруашылық қызметін бақылайды;
— Қауымдастық атынан меморандумдарға, келісімдерге және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қол қояды;
— халықаралық және шетелдік заңгерлік қоғамдастықтарда және де өзге халықаралық коммерциялық емес ұйымдарда Қауымдастық мүдделеріне өкіл болады;
— Қауымдастықтың қаржылық және өзге құжаттарында бірінші қол қою құқығына ие болады;
— банк мекемелерінде есептік шоттар ашады;
— Қауымдастықтың атынан іскерлік хат алмасуды жүргізеді;
— Қауымдастық Басқармасының мүшелеріне оның құзыретінің мәселелері бойынша өкімдер береді;
— Қауымдастықтың қаражаттарын бекітілген бюджет немесе смета шегінде басқарады;
— мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда Қауымдастықтың мүдделеріне өкіл болады;
— Қауымдастық Құрылтайларының және Басқармасының шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру үшін жауапты болады;
— Қауымдастықтың іс жүргізуіне бақылау жасайды;
— бұйрықтар шығарады және Қауымдастық Басқармасының аппарат жұмыскерлері орындауы міндетті нұсқаулар береді;
— Қауымдастықтың Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген өкілеттіктерді іске асыру мәселелері бойынша Қауымдастықтың өкілдігіне сенімхат береді;
— Қауымдастықтың қызметін қамтамасыз ету үшін Қауымдастық Төрағасы қалыптастыратын аппарат құрылады. Аппарат жұмыскерлері, оның ішінде аппарат басшысы Қауымдастық Төрағасының бұйрығы бойынша, еңбек заңнамасына сәйкес, тағайындалады және лауазымдарынан босатылады;
— Қауымдастық аппаратының лауазымдық айлықақыларын белгілейді;
— Қауымдастық аппаратының жұмыскерлері Қауымдастық Төрағасымен бекітілген, оларға жүктелетін функционалдық міндеттерді орындауға міндетті;
— заңнамалық актілермен және осы Жарғымен белгіленген шеңбердегі және шектердегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
— Қауымдастық аппаратының жұмыскерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
— Қауымдастықтың атынан осы Жарғыдан туындайтын әртүрлі сұрақтар бойынша азаматтық-құқықтық келісімшарттар жасасады.
6.16. Қауымдастық Төрағасының орынбасары:
— Қауымдастық Төрағасы Қауымдастықтың Басқармасымен келісім бойынша Қауымдастық төрағасының орынбасарын лауазымға тағайындайды, ол тікелей Басқармаға және Қауымдастық төрағасына бағынышты болады. Қауымдастық төрағасының орынбасары Басқарманың барлық нұсқаулықтары мен шешімдеріне және Қауымдастық төрағасының бұйрықтарына сәйкес өз міндеттерін орындап, әрекет етеді. Қауымдастық төрағасының орынбасары Қауымдастықтың барлық Құрылтайларына және Қауымдастық Басқармасының барлық отырыстарына қатысады.
— Қауымдастық төрағасының орынбасары төрағаның болмауы жағдайында не болмаса Қауымдастық Басқармасының шешімі бойынша Қауымдастық төрағасының функцияларын орындайды. Сондай-ақ, Құрылтай құжаттарымен, Басқарма шешімдерімен және Қауымдастық төрағасының бұйрықтарымен белгіленген, өз құзыретінің шегінде Қауымдастық Құрылтайлары арасындағы кезеңде Қауымдастықтың шаруашылық және өзге де қызметін басқарады.
6.17. Қауымдастықтың қызметін қамтамасыз ету үшін Қауымдастық Төрағасы қалыптастыратын аппарат құрылады. Аппарат жұмыскерлері Қауымдастық Төрағасының бұйрығы бойынша, еңбек заңнамасына сәйкес, тағайындалады және лауазымдарынан босатылады. Қауымдастық аппаратының жұмыскерлері Қауымдастық Төрағасымен бекітілген, оларға жүктелетін функционалдық міндеттерді орындауға міндетті.
6.18. Қауымдастық аппаратының жұмыскерлеріне сыйақы және өзге төлемақы мөлшері Қауымдастық Төрағасының ұсынысы негізінде Қауымдастық Басқармасының шешімімен белгіленеді. Қауымдастық Төрағасына сыйақы мөлшері Қауымдастық Басқармасының шешімімен белгіленеді.
VII. Құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) құқықтық ережесі
7.1. Қауымдастық Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, әрекет ететін филиалдар мен өкілдіктер аша алады.
7.2. Филиалға (өкілдікке) Қауымдастықтың мүлігі беріледі және бірлестікпен бекітілген Ереженің негізінде әрекет етеді. Филиалдың не өкілдіктің мүлігі жеке теңгерімде және бірлестіктің теңгерімінде есепке алынады.
7.3. Филиалды (өкілдікті) ашу туралы шешім Қауымдастықтың құрылтайында қабылданады.
7.4. Қауымдастықтың құрылтайы филиал (өкілдік) туралы Ережені бекітеді және төрағаны сайлайды.
7.5. Филиал (өкілдік) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде есептік тіркеу қойылуы тиіс.
7.6. Филиалды (өкілдікті) жабу туралы шешім Қауымдастық мүшелерінің Құрылтайында қабылданады.
VIII. Қауымдастықтың мүлігі
8.1. Қауымдастықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте меншігінде ғимараттары, құрылыстары, жабдықтары, техникалық құралдары, ақша қаражаттары және Жарғымен көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де мүлігі болуы мүмкін.
8.2. Қауымдастықтың қаржыландыру көзі болып кіріс жарналары мен ай сайынғы мүшелік жарналар болып табылады. Мүшелік жарналардың мөлшерін және төлеу тәртібін Қауымдастықтың Басқармасы филиалдармен келісім бойынша белгілейді.
Қауымдастық мүшелерінің кіріс және мүшелік жарналары Қауымдастықтың мүшелігінен шығу кезінде қайтарылмайды.
8.3. Сондай-ақ, ақша қаражаттары ерікті жарналар мен қайырымдылықтардан, дәрістер, көрмелер, спорт шаралары мен өзге іс-шараларды өткізуден түсетін түсімдерден, ұтыстардан, өндірістік және өзге де шаруашылық қызмет кірістерінен, заңнамалық актілермен тыйым салынбаған басқа да түсімдерден қалыптасады.
8.4. Қауымдастықтың ақша қаражаттары заң консультанттарының палаталарынан ай сайын палатаның әрбір мүшесі үшін 1 (бір) АЕК мөлшерінде аударылатын мүшелік жарналардан және Жарғыға сәйкес басқа да түсімдерден қалыптасады.
8.5. Қауымдастықтың ақша қаражаттары оның жарғылық қызметін қаржыландыруға, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуге, шаруашылық шығындарға, аппаратты қамтамасыз етуге, Қауымдастық мүшелерін марапаттауға және осы Жарғыға сәйкес өзге мақсаттарда шығындалады.
8.6. Қауымдастық өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Қауымдастық мүшелері Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
IX. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
9.1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Құрылтайдың айрықша құзыретіне жатады.
9.2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізуге Қауымдастықтың кез келген мүшесі құқылы. Заң консультанттары палатасының ұсынысты қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдайтын сәйкесінше Басқармасына ұсыныс жіберіледі, ұсынысты қабылдамау жағдайында Қауымдастықтың Басқармасына жүгінуге болады.
9.3. Заң консультанттары палатасының Басқармасы ұсынысты қабылдау жағдайында, Қауымдастықтың Басқармасына жолданады, ол бір айдың ішінде келіп түскен ұсынысты Қауымдастықтың барлық құрылымдарында және филиалдарында талқылауды ұйымдастырылады; ұсынысты Қауымдастықтың үштен бір бөлігі қолдаған жағдайда, сауал келесі Құрылтайдың күнтәртібіне енгізіледі. Сондай-ақ, Қауымдастық Басқармасы өз отырысында талқылаудан кейін Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты келесі құрылтайға ұсыну мәселесін шешуге құқылы.
X. Қауымдастықты қайта құру және жабу тәртібі
10.1. Қауымдастықтың қызметі оның жоғарғы органы – Құрылтайдың шешімі бойынша не болмаса заңмен қарастырылған жағдайларда сот шешімі бойынша қайта құру немесе жабу арқылы тоқтатылуы мүмкін.
10.2. Қайта құру заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
10.3. Қауымдастықтың қызметін қайта құру және тоқтату тәртібі осы Жарғымен реттеледі. Егер шешім үшін сайланған делегаттардың жартысынан астамы дауыс берсе, шешім қабылданған деп саналады (Құрылтай делегаттарының жартысынан астамы дауыс берген). Дауыс беру рәсімін Құрылтай белгілейді.
10.4. Қауымдастықты жабу жағдайында қалған мүлік және қаражаттар осы Жарғымен қарастырылған мақсаттарға бағытталады.
I. Общие положения
1.1. Объединение юридических лиц «Ассоциация палат юридических консультантов Республики Казахстан» (далее по тексту – Ассоциация) является некоммерческим объединением юридических лиц, занимающихся регулированием деятельности по оказанию юридической помощи и контролем над деятельностью своих членов (юридических консультантов) в части соблюдения ими требований законодательства Республики Казахстан об адвокатской деятельности и юридической помощи.
1.2. Ассоциация действует в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Гражданским Кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан «О некоммерческих организациях», «О саморегулировании», иными законодательными актами, настоящим Уставом и учредительным договором.
1.3. Официальное полное наименование на государственном языке: Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Республикасының заң консультанттары палаталарының ассоциациясы». Официальное полное наименование на русском языке: Объединение юридических лиц «Ассоциация палат юридических консультантов Республики Казахстан» .
1.4. Ассоциация осуществляет свою деятельность на территории Республики Казахстан.
1.5. Ассоциация образована на срок без ограничений и осуществляет свою деятельность на всей территории Республики Казахстан.
1.6. Ассоциация является юридическим лицом и имеет в собственности обособленное имущество, которое отражается на самостоятельном балансе Ассоциации, расчетные счета в банковских учреждениях. Ассоциация вправе от своего имени приобретать и осуществлять имущественные и неимущественные права и нести обязанности, быть истцом и ответчиком в суде.
1.7. Символикой Ассоциации является эмблема, которая представляет собой:
— форму щита с пересекающим мечом – символизирующие готовность к защите, справедливости и честности в исполнении закона. Щит двух цветов – голубой и желтый. Голубой цвет – символизирует чистоту, разум, постоянство. Желтый цвет – цвет солнца и тепла, разума и оптимизма;
— по центру изображены весы – символ правосудия, гармонии и справедливости, рычаг в форме элемента казахского национального орнамента қошқар мүйіз, меч и весы белого цвета;
— на верху щита размещено наименование Ассоциация палат юридических консультантов на государственном языке Zań konsýltanttary palatalarynyń qaýymdastyqу.
Эмблема может быть изготовлена в качестве памятного значка, а так же использоваться в качестве логотипа Ассоциации, как организатора и участника международных конференций и других мероприятиях с участием Ассоциации.
1.8. Ассоциация, являясь некоммерческой организацией, не имеет в качестве основной цели извлечение прибыли и не распределяет полученный доход между своими членами. Ассоциация может осуществлять предпринимательскую деятельность лишь постольку, поскольку это не противоречит ее уставным целям.
1.9. Ассоциация образована и действует на основе следующих принципов:
— равенства членства;
— приоритетности защиты и поощрения прав и законных интересов практикующих юристов;
— законности и транспарентности своей деятельности;
— установления равноправного сотрудничества с государственными органами и негосударственными организациями, в том числе с иностранными и международными;
— взаимного уважения к мнению и позиции своих членов по вопросам уставной деятельности и вопросам юридических консультантов;
— самоуправления и самофинансирования.
II. Место нахождения Ассоциации
2.1. Юридический адрес Ассоциации: индекс 010000, Республика Казахстан, город Астана, район Есиль, улица Д. Қонаев, д.12/1, офис 403.
III. Предмет и цели деятельности Ассоциации
3.1. Целями и задачами деятельности Ассоциации является:
— содействие объединению усилий юристов Казахстана в деле укрепления казахстанской государственности, ее независимости и суверенитета, строительства в Казахстане правового государства, обеспечения прав и свобод человека и гражданина;
— содействие в разработке предложений по совершенствованию законодательства;
— участие в пропаганде правовой политики Республики Казахстан;
— определение позиции юридического сообщества в решении важных государственно-правовых вопросов;
— проведение и участие в научно-практических конференциях юридических консультантов;
— представление интересов юридических консультантов Ассоциации в государственных органах и общественных объединениях;
— содействие в реализации и укреплении института комплексной социальной юридической помощи (pro bono);
— привлечение широкой юридической общественности к участию в общенациональных и международных правовых, гуманитарных и иных проектах и программах;
— содействие реализации прогрессивных и миролюбивых инициатив общественных и государственных организаций, проектов и программ международного и национального развития;
— содействие созданию условий для активной профессиональной и общественной деятельности своих членов; развитие всестороннего сотрудничества между юристами, содействие укреплению связи между юридическим образованием, наукой и практикой;
— содействие в совершенствовании практики нормотворчества и правоприменения;
— содействие корпоративной сплоченности и развитию профессиональной культуры среди юридических консультантов;
— содействие развитию юридического образования, юридической науки, медиации и новых альтернативных способов разрешения спора;
— содействие повышении в квалификации юридических консультантов, повышения престижа юридической профессии, укреплению организационно-правовых основ деятельности юридических консультантов, их социально-правовой защищенности, воспитанию юристов в духе казахстанского патриотизма, неукоснительного соблюдения положений закона, норм профессиональной этики.
3.2. Предмет деятельности Ассоциации:
— участие в организации квалифицированной юридической помощи;
— содействие совершенствованию правовых, организационных и общественных механизмов защиты социальных и иных прав населения;
— совершенствование форм и методов правового обслуживания населения;
— обеспечение защиты профессиональных прав и законных интересов Ассоциации и юридических консультантов.
3.3. Основными видами деятельности Ассоциации являются:
— координация деятельности филиалов;
— оказание филиалам юридической и иной помощи в организации их уставной деятельности и правозащитной работе;
— представление интересов Ассоциации в Республиканских государственных органах, негосударственных организациях, в том числе иностранных и международных;
— участие в законопроектной и экспертной деятельности Министерства юстиции Республики Казахстан по вопросам юридических консультантов;
— участие в разработке нормативных правовых актов;
— обобщение и регулирование правоприменительной практики юридических консультантов республики;
— освещение в СМИ вопросов развития юридических консультантов и уставной деятельности Ассоциации;
— обобщение и распространение положительного опыта деятельности Ассоциации;
— организация благотворительных и иных просветительских акций в республике;
— организация обучения, семинаров и тренингов по повышению квалификации юридических консультантов;
— разработка методических материалов по вопросам правового просвещения;
3.4. Решения Ассоциации, принятые с целью реализации ее уставных видов деятельности, обязательны для исполнения всеми филиалами и иных формирований юридических консультантов республики.
IV. Права и обязанности Ассоциации
4.1. Правоспособность Ассоциации наступает с момента государственной регистрации юридического лица в установленном законодательством порядке.
4.2. Ассоциация вправе:
— иметь счета в банковских учреждениях;
— иметь печать, штамп, бланки и эмблему со своим наименованием на казахском и русском языках;
— иметь в собственности или оперативном управлении обособленное имущество, а также самостоятельный баланс;
— приобретать и осуществлять имущественные и личные неимущественные права;
— заключать меморандумы и соглашения с государственными органами и общественными организациями по вопросам правового обслуживания;
— заключать гражданско-правовые сделки и трудовые договоры;
— учреждать средства массовой информации и вести издательскую деятельность;
— запрашивать из филиалов и (или) отдельных юридических консультантов информацию о состоянии и проблемах деятельности или юридической практики, а также их предложения по совершенствованию института юридических консультантов в республике;
— привлекать экспертов (специалистов) для экспертизы разрабатываемых проектов нормативных правовых актов;
— финансировать осуществляемые меры и проводимые мероприятия, направленные на реализацию уставных задач;
— учреждать специальные награды для юридических консультантов;
4.3. Ассоциация обязана:
— строго соблюдать Устав и обеспечивать реализацию его положений;
— осуществлять разъяснительную работу по Уставу и решениям органов управления Ассоциации;
— координировать работу филиалов и иных формирований юридических консультантов в соответствии с законом и настоящим Уставом;
— вести бухгалтерскую и статистическую отчетность.
V. Условия и порядок приема в члены и прекращение членства в Ассоциации
5.1. Членами Ассоциации могут быть юридические лица – общественные объединения, за исключением политических партий и профессиональных союзов.
5.2.Члены Ассоциации вправе:
— быть представленными в составах органов управления Ассоциации и принимать участие в их работе;
— вносить любые предложения для обсуждения на уровне органов управления Ассоциации, вытекающие из настоящего Устава;
— вносить предложения о внесении изменений и дополнений в Устав;
— отстаивать коллективные мнения и позиции представляемой палаты по обсуждаемым вопросам юридических консультантов;
— участвовать в мероприятиях, проводимых Ассоциацией;
— соблюдать этические нормы поведения в повседневной жизни, не допускать действий наносящих урон авторитету и деловой репутации Ассоциации.
5.3. Член Ассоциации обязан:
— соблюдать Устав Ассоциации;
— содействовать осуществлению целей Ассоциации;
— участвовать в работе органов Ассоциации;
— выполнять решение органов Ассоциации, не противоречащие закону;
— регулярно платить членские взносы;
— способствовать укреплению авторитета Ассоциации, стремиться к достижению уставных целей и задач Ассоциации.
5.4. Членство в Ассоциации прекращается в следующих случаях:
— добровольно, путем подачи заявления о выходе из состава Ассоциации;
— при вступлении в другую ассоциацию, связанную с оказанием юридической помощи юридическими консультантами;
— в случае неуплаты членских взносов в течение 2 (двух) месяцев;
— по решению Центрального Совета Ассоциации и иным законодательным актам регулирующим деятельность юридического консультанта.
VI. Структура, порядок формирования и компетенция
органов управления Ассоциации
6.1. Ассоциация имеет следующую систему органов управления:
Высшим органом управления Ассоциации является Съезд членов ассоциации (далее — Съезд Ассоциации). Исполнительным органом управления является Правление Ассоциации, руководителем которого является Председатель Ассоциации. Правление Ассоциации осуществляет текущее руководство деятельностью Ассоциации, за исключением вопросов, отнесенных настоящим Уставом к исключительной компетенции Съезда. Контрольным органом является Ревизионная комиссия Ассоциации.
6.2. К исключительной компетенции Съезда Ассоциации относятся следующие вопросы:
— принятия, внесения изменений и дополнений в учредительные документы некоммерческой организации;
— добровольной реорганизации и ликвидации некоммерческой организации;
— определения компетенции, организационной структуры, порядка формирования и прекращения полномочий органов управления некоммерческой организации;
— определения порядка и периодичности представления финансовой отчетности исполнительных органов, а также порядка проведения проверки контрольным органом и утверждения их результатов;
— принятия в пределах, установленных законодательными актами, решения об участии некоммерческой организации в создании или деятельности других юридических лиц, своих филиалов и представительств;
— избрание Председателя Ассоциации, прекращение полномочий, в том числе досрочно;
— утверждение отчета Председателя Ассоциации о деятельности Правления Ассоциации и Председателя Ревизионной комиссии о состоянии финансово-хозяйственной деятельности Ассоциации;
— принятие решений о создании издательских, образовательных и иных структурных подразделений, филиалов, представительств и организаций, финансируемых за счет средств Ассоциации;
— утверждение Этического кодекса юриста;
— утверждение актов Ревизионной комиссии о результатах ревизии финансово -хозяйственной деятельности Ассоциации;
— принятие решений по любым вопросам, относящимся к деятельности Ассоциации;
— рассмотрение иных вопросов, не противоречащих действующему законодательству.
6.3. Очередной Съезд Ассоциации созывается один раз в пять лет.
6.4. Съезд Ассоциации (очередной и внеочередной) созывается по решению Правления Ассоциации, которым определяются повестка дня Съезда, дата и место его проведения, норма представительства и порядок избрания делегатов и формируется Организационный комитет по проведению выборов.
6.5. Решение о созыве очередного Съезда Ассоциации принимается Правлением Ассоциации.
6.6. Созыв внеочередного Съезда Ассоциации может быть инициирован Председателем, Правлением, Ревизионной комиссией Ассоциации.
6.7. Для подсчета голосов делегатов по принимаемым на Съезде решениям по вопросам, включенным в повестку дня Съезда, избирается Счетная комиссия. Один делегат от члена Ассоциации на Съезде имеет один голос. Голосование по доверенности другим лицом на Съезде Ассоциации не допускается.
6.8. В период между Съездами деятельностью Ассоциации руководит Правление Ассоциации, со сроком полномочий деятельности пять лет.
Выполнение членами Правления Ассоциации своих полномочий осуществляется на безвозмездной основе.
6.9. Правление Ассоциации правомочно принимать решения, если в его работе участвуют не менее 2/3 избранных членов.
6.10. Заседания Правления Ассоциации проводятся ежеквартально. По инициативе Председателя Ассоциации или не менее восьми членов Правления могут проводиться внеочередные заседания, в том числе, дистанционные.
6.11. К компетенции Правления Ассоциации относятся следующие вопросы:
— принятие новых членов Ассоциации и вывод из членства Ассоциации;
— принятие решения о созыве Съезда, в порядке, предусмотренном настоящим Уставом;
— принятие решений об установлении нормы представительства делегатов Съезда от филиалов для участия в работе Съезда;
— подготовка проектов материалов Съезда;
— координация деятельности филиалов, их Правлений и Председателей;
— учреждение издательских, образовательных и иных структур за счет средств Ассоциации;
— утверждение ежегодного бюджета Ассоциации;
— заслушивание отчета Ревизионной комиссии;
— утверждение размера, порядка и сроков уплаты членских взносов филиалов и иных формирований юридических консультантов;
— организация мероприятий по повышению профессионального уровня и квалификации юридических консультантов;
6.12. Руководит Ассоциацией, наряду с Правлением Ассоциации, Председатель Ассоциации, избираемый на пять лет.
6.13. Председатель Ассоциации является ее полномочным и законным представителем во взаимоотношениях с государственными органами, негосударственными организациями, в том числе иностранными и международными.
6.14. Председатель Ассоциации действует без доверенности при реализации своих полномочий, вытекающих из положений действующего законодательства и настоящего Устава.
6.15. Председатель Ассоциации:
— организует подготовку и проведение Съезда Ассоциации;
— подготавливает и проводит заседания Правления Ассоциации;
— руководит текущей деятельностью Правления и аппарата Ассоциации;
— осуществляет контроль и несет ответственность за реализацию уставных видов деятельности Ассоциации;
— осуществляет контроль за текущей финансово-хозяйственной деятельностью Ассоциации;
— подписывает от имени Ассоциации меморандумы, соглашения и гражданско-правовые сделки;
— представляет интересы Ассоциации в международных и иностранных юридических сообществах и иных международных некоммерческих организациях;
— обладает правом первой подписи на финансовых и иных документах Ассоциации;
— открывает расчетные счета в банковских учреждениях;
— ведет деловую переписку от имени Ассоциации;
— дает поручения членам Правления Ассоциации по вопросам его компетенции;
— распоряжается средствами Ассоциации в рамках утвержденного бюджета или сметы;
— представляет интересы Ассоциации в государственных органах, негосударственных организациях, в том числе иностранных и международных;
— несет ответственность за организацию выполнения решений Съездов и Правления Ассоциации;
— осуществляет контроль за ведением делопроизводства Ассоциации;
— издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения работниками аппарата Правления Ассоциации;
— выдает доверенности на представительство Ассоциации по вопросам реализации Ассоциацией полномочий, установленных законодательством Республики Казахстан и настоящим Уставом;
— для обеспечения деятельности Ассоциации создается аппарат, формируемый Председателем Ассоциации. Работники аппарата, в том числе руководитель аппарата назначаются и освобождаются от занимаемых должностей по приказу Председателя Ассоциации, в соответствии с трудовым законодательством;
— устанавливает должностные оклады аппарата Ассоциации;
— работники аппарата Ассоциации обязаны выполнять возложенные на них функциональные обязанности, утвержденные Председателем Ассоциации;
— осуществляет иные полномочия в рамках и пределах, установленных законодательными актами и настоящим Уставом;
— принимает меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата Ассоциации;
— заключает от имени Ассоциации гражданско-правовые договоры по различным вопросам, вытекающим из настоящего Устава.
6.16. Заместитель Председателя Ассоциации:
— Председатель Ассоциации по согласованию с Правлением Ассоциации назначает на должность заместителя председателя Ассоциации, который подотчетен непосредственно Правлению и председателю Ассоциации. Заместитель председателя Ассоциации исполняет свои обязанности и действует в соответствии со всеми инструкциями и решениями Правления и приказами председателя Ассоциации. Заместитель председателя Ассоциации присутствует на всех Съездах Ассоциации и всех заседаниях Правления Ассоциации.
— Заместитель председателя Ассоциации исполняет функции председателя Ассоциации в его отсутствие либо по решению Правления Ассоциации. А так же в пределах своей компетенции, определенной Учредительными документами, решениями Правления и приказами председателя Ассоциации, управляет хозяйственной и иной деятельностью Ассоциации в период между Съездами Ассоциации.
6.17. Для обеспечения деятельности Ассоциации создается аппарат, формируемый Председателем Ассоциации. Работники аппарата назначаются и освобождаются от занимаемых должностей по приказу Председателя Ассоциации, в соответствии с трудовым законодательством. Работники аппарата Ассоциации обязаны выполнять возложенные на них функциональные обязанности, утвержденные Председателем Ассоциации.
6.18. Размер вознаграждения и иных выплат работникам аппарата Ассоциации устанавливается решением Правления Ассоциации на основании представления Председателя Ассоциации. Председателю Ассоциации размер вознаграждения устанавливается решением Правления Ассоциации.
VII. Правовое положение структурных подразделений (филиалов и представительств)
7.1. Ассоциация может открывать филиалы и представительства, действующие в пределах Республики Казахстан, в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.
7.2. Филиал (представительство) наделяется имуществом Ассоциации и действует на основании Положения, утвержденного объединением. Имущество филиала или представительства учитывается на отдельном балансе и на балансе объединения.
7.3. Решение о создании филиала (представительства) принимается на съезде Ассоциации.
7.4. Съезд Ассоциации утверждает Положение о филиале (представительстве) и избирает руководителя.
7.5. Филиал (представительство) подлежит учетной регистрации, которая проводится в порядке и сроках, установленных законодательством Республики Казахстан.
7.6. Решение о ликвидации филиала (представительства) принимается Съездом членов Ассоциации.
VIII. Имущество Ассоциации
8.1. Ассоциация в порядке, определяемом законодательством, может иметь в собственности здания, сооружения, оборудование, технические средства, деньги и иное имущество, необходимое для обеспечения деятельности, предусмотренной Уставом;
8.2. Источником финансирования Ассоциации являются вступительные и ежемесячные членские взносы. Размер и порядок уплаты членских взносов определяется Правлением Ассоциации по согласованию с филиалов.
Вступительные и членские взносы членов Ассоциации при выходе из членов Ассоциации возврату не подлежат.
8.3. Денежные средства также формируются из добровольных взносов и пожертвований, поступлений от проведения лекций, выставок, спортивных и иных мероприятий, лотерей, доходов от производственной и иной хозяйственной деятельности, других, не запрещенных законодательными актами поступлений.
8.4. Деньги Ассоциации формируются из членских взносов, отчисляемых палатами юридических консультантов ежемесячно в размере 1 (одного) МРП за каждого члена палаты и других поступлений в соответствии с Уставом.
8.5. Денежные средства Ассоциации расходуются на финансирование его уставной деятельности, в том числе на техническое обслуживание, хозяйственные расходы, содержание аппарата, поощрения членов Ассоциации и в иных целях, в соответствии с настоящим Уставом.
8.6. Ассоциация не отвечает по обязательствам своих членов, члены Ассоциации не отвечает по обязательствам Ассоциации.
IX. Порядок внесения изменений и дополнений в Устав
9.1. Внесение изменений и дополнений в Устав относится к исключительной компетенции Съезда.
9.2. Право внесения предложений по изменению и дополнению в Устав принадлежит любому члену Ассоциации. Предложение направляется в соответствующие Правление Палаты юридических консультантов, которым принимается решение о принятии или отклонении предложения, в случае непринятия его предложения он вправе обратиться в Правление Ассоциации.
9.3. В случае принятия предложения Правления Палаты юридических консультантов, оно направляется в Правление Ассоциации, который в течение месяца организует обсуждение поступившего предложения во всех структурах Ассоциации и филиалов, при поддержке предложения одной третью Ассоциации, вопрос включается в повестку дня очередного Съезда. Правление Ассоциации также вправе после обсуждения на своем заседании решить вопрос о предоставлении очередному съезду предложения о дополнениях и изменениях в Устав.
X. Порядок реорганизации и ликвидации Ассоциации
10.1. Деятельность Ассоциации может быть прекращена путем реорга¬низации или ликвидации по решению ее высшего органа — Съезда, либо решением суда в предусмотренных законом случаях.
10.2. Реорганизация осуществляется в установленном законо-дательством порядке.
10.3. Порядок реорганизации и прекращения деятельности Ассоциации регулируется настоящим Уставом. Решение считается принятым, если за него подано более половины голосов избранных делегатов (проголосовало более половины делегатов Съезда). Процедуру голосования определяет Съезд.
10.4. В случае ликвидации Ассоциации оставшееся имущество и средства направляются на цели, предусмотренные настоящим Уставом.